Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін болған
Бүгін сағат 15:31-де «Тараз Жаңа Әлем» жеке әуе компаниясының АН-2 ұшағынан жерге қонғанна кейін өрт шықты. Бұл туралы Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Әуе кемесі Семей - Үржар бағыты бойынша TJA5221 санитарлық рейсін орындады. Ұшақ 15:25-те қонды. Өрт ұшақ жерге қонғаннан кейін болған, әуе кемесінің бортында адамдар болған жоқ. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тергеуді бастады.