$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2020, 14:46
Оқиғалар

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды

47 жастағы тұрғын өз-өзін аңшы мылтығымен атып өлтірген

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мәйіті табылды
Көрнекі фотосурет: ашық дереккөзден

Елордада көпқабатты үйдің кіреберісінен ер адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

26 мамыр күні «102» пультіне тұрғын үйлердің бірінің подъезінде баспалдақта жатқан ер адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнын тексеру барысында сол үйде тұратын 47 жастағы тұрғынның өз-өзін аңшы мылтығынан атып өлтірген анықталған.

«Ер адамның мобильдік телефонын қарау барысында өлер алдында жазып кеткен хабарламасы табылды. Қаза тапқан азаматтың 2019 жылдан бері ажырасқаны және соңғы уақытта жалғыз тұратындығы анықталды. Атына тіркелген «САЙГА-М2» маркалы аңшы мылтығы болған», – делінген елордалық полиция хабарламасында.

Аталған жағдайға байланысты сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

Серіктес жаңалықтары