Олар тендердегі көмірдің бағасын қымбаттатып көрсеткен
Абай облысының прокурорлар 3,5 млрд теңгеден астам сомаға қымбат көмір сатып алмақ болған монополистерді анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстың прокуратурасы хабарлағандай, осылайша бюджеттің 160 млн теңгесі үнемдеолген.
«Жылумен жабдықтау саласындағы табиғи монополия субъектілері заң талаптарын бұза отырып, мемлекеттік сатып алу арқылы 3,5 млрд теңгеден астам сомаға жоғары бағамен көмір сатып алмақшы болған. Прокуратурамен қабылданған шаралар бойынша сатып алу тоқтап, жылумен жабдықтаушы кәсіпорындар көмір өндірушісімен тікелей шарт жасасты. Осылайша 160 млн теңгеден астам қаржы үнемделді. Бұл қаражат осы кәсіпорындардағы қызметкерлердің әлеуметтік төлемдеріне жұмсалады», - деп хабарлайды прокуратура.