$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.05.2020, 05:43
Оқиғалар

Қостанай облысында зираттардың жанынан сәбидің денесі табылды

Жаңа туған нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр

Қостанай облысында зираттардың жанынан сәбидің денесі табылды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысы Жітіқара қаласында зираттар жанынан жаңа туған нәрестенің қара дорда, ақ матаға оралған денесі табылды. Баланың анасы іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Шақалақтың мәйіті 27 мамыр күні кешке табылды. Полицейлер бірнеше күн жатқан нәрестенің денесінен ешқандай зақым белгілерін таппады. Қазір мәйітханада сараптама жүріп жатыр.

«Аталған факті бойынша ҚР ҚК 100 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда жаңа туған баланың анасын, сондай-ақ куәларды анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатырмыз», - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Баланың анасы табылса, 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары