$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

АҚШ-та Палестинаны жақтаған студенттер колледжде шу шығарды

Олар лозунгтер көтеріп, наразылық білдірген 

АҚШ-та Палестинаны жақтаған студенттер колледжде шу шығарды
Фото: AP

Палестинаны жақтаушы топ Нью-Йорктегі Барнард колледжіне басып кіріп, бір қызметкерді жаралаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі АР-ке сілтеме жасап. 

Бетперде тағып, жүзін орамалмен жасырған студенттер тобы қолдарына Палестина туын көтеріп, деканның кеңсесіне кіріп барған. Олар Палестинаны жақтағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған студенттерге кешірім беруді, оқу орнының президенті мен деканының шығуын және тағы оқудан шығарылған екі студентті қайта қабылдауды талап еткен.

Палестинаға әділдік сұрап жүрген студенттер тобы Х платформасында «Біздің талабымыз орындалмайынша тоқтамаймыз. Палестинаға бостандық» деп жазба қалдырған. Колледж әкімшілігі бейсенбі күні студенттермен кездесеміз дегеннен кейін шулы топ тараған.

Барнард колледжінің вице-президенті Робин Левиннің сөзінше, зардап шеккен қызметкер ауруханаға жатқызылған. Ол сондай-ақ наразалық танытушылардың басқа адамдарды да кампусқа шақырумен айналысқанын айтты.

Наразылыққа шыққандар колледж дәлізінде «Палестинаға бостандық» деген сөздер жазылған лозунгтерді көтеріп, ұран салып, барабан ойнаған.

Серіктес жаңалықтары