$ 501.49  525.71  5.77
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шығыс Қазақстанда «закладчикті» ұстап берген адамға 300 мың теңге сыйақы төленген

Қаражат жеке қордан алынғаны белгілі

Шығыс Қазақстанда «закладчикті» ұстап берген адамға 300 мың теңге сыйақы төленген
Фото: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы мен бизнес өкілдері есірткіге қарсы күресті күшейту үшін есірткі тарататын адам туралы шын ақпарат берген адамдарға қомақты сыйақы төлейтін болған, деп жазады Azattyq Rýhy.

Мәселен, Бас прокурор Берік Асыловтың сөзіне сенсек, облыста бір адамға 300 мың теңге сыйақы төленген.

«Қаншама отбасын зар қақсатып отырған өзекті мәселе. Сондықтан мемлекет осы қылмыстың жолын кесуге барынша күш салып жатыр. Прокуратура өз кезегінде аталған бағыт бойынша органдарымен бір­лесіп, үздіксіз күрес жүргізеді. Өткен жылы 37 халықаралық және 98 өңірлік есірткі арнасының жолы кесілді. Заңсыз айналымнан 25,6 тонна есірткі тәркіленді», - дейді Берік Асылов.

Ал, еліміздің кейбір өңірінде жаңадан басталып жатқан науқандарды сөз еткен ол Шығыс Қазақстан облысындағы акцияны мысалға алған.

«ШҚО-да прокурорлар мүдделі орган және бизнес өкілдерімен бірлесіп «STOP, есірткі!» бастамасын іске қосты, жеке қор ашылды. Бұл жоба есірткі бизнесіне қатысты шын ақпарат берген адамдарға сыйақы төлеуді көздейді. Таратушы туралы хабарлаған адамға 300 мың теңге мөлшерінде берілген сыйақы бар», - дейді Берік Асылов.

Серіктес жаңалықтары