Астанада өрт сөндіретін машина жеңіл көлікпен соқтығысып, әйел адам қаза тапты

Автор: Нұргүл Абай

Такси жүргізушісі ауруханада жатыр

Фото: Pixabay.com

Астанада өрт сөндіру машинасының жүргізушісі бағдаршамның қызыл шамына өтіп кетіп, жеңіл автокөлікпен соқтығысқан. Апат салдарынан екінші көлікте отырған 52 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Қалалық полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан, көлік басқарған адамның жол жүру ережесін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеген.

«Өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылы қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кетіп, «Kia» маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға түсті. Көп ұзамай 52 жастағы жолаушы алған жарақатынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Тергеу жүріп жатыр.