$ 498.69  522.23  5.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайдан көлік алмақ болған қазақстандық кеденнен 47 мың доллар алып өтемін деп 4,5 млн теңге айыппұл арқалады

Оның 37 300 АҚШ доллары тәркіленді

Қытайдан көлік алмақ болған қазақстандық кеденнен 47 мың доллар алып өтемін деп 4,5 млн теңге айыппұл арқалады
Фото: istockphoto.com

Жетісу облысының тұрғыны 10 мың доллардан астам ақшасын декларацияламағаны үшін 4,5 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қытайдан көлік сатып алмақ болған Жетісу ауданының тұрғыны валюта айырбастау пунктінен 47 300 АҚШ долларын сатып алған. Бұл ақша «Нұр жолы» өткізу бекетінде кедендік тексеру кезінде оның қол жүгінен табылған. Алайда, кеден заңнамасы бойынша азаматтардың қолында 10 мың АҚШ долларынан артық ақша болмауы керек. Бұл мөлшерден асып кеткен сомалар міндетті түрде декларациялануы тиіс.

Істі Панфилов аудандық соты қарады. Құқық бұзушы тасымалдаған қаржыны екі досына тиесілі деп түсіндірген, бірақ бұл айтқандарын растайтын нақты дәлелдер ұсынбаған.

Ер адам кінәсін мойындамады, ол сот құқық бұзушылықтың сипаты мен мән-жайларын ескере отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 551-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп таныды.

Сот шешімі бойынша, құқық бұзушыдан 37 300 АҚШ доллары тәркіленіп, оған 4,5 миллион теңге айыппұл салынды. Ал заңды түрде декларант ретінде тіркелген 10 000 АҚШ доллары құқық бұзушыға қайтарылды.

Қазіргі таңда сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ, бұл шешім әлі де қаралу үстінде.

Серіктес жаңалықтары