$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2020, 09:47
Оқиғалар

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 32 адам тіркелді

Бүгінге дейін қалада 762 адамнан індет анықталған 

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 32 адам тіркелді
Фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында коронавирус жұқтырған 32 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.

«Өткен тәулікте ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 32 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды. Олардың 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 2-еуі ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 6-уы скрининг нәтижесінде анықталған. Барлығы тиісінше жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада. 

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

28 мамырдағы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 762 адам анықталып, оның 244-і жазылып шыққан.

Серіктес жаңалықтары