$ 498.69  522.23  5.79
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан шетелге жұмыртқаны сатуға шектеу енгізуі мүмкін

Бұл мәселе қазір талқыланып жатыр

Қазақстан шетелге жұмыртқаны сатуға шектеу енгізуі мүмкін
Фото: freepik.com

ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Құс өсірушілер одағы, жұмыртқа өндірушілер салалық қауымдастығы және Сауда желілері одағы ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұдан өзге, тараптар жұмыртқа импортына тыйым салу мәселесін де талқылап жатыр. Ал, меморандумның ең басты мақсаты - әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру.

Меморандум аясында Құс өсірушілер одағы мен Қауымдастық құс фабрикаларының қоймалары мен фирмалық дүкендерінде баға тұрақты болу керек. Өз тарапынан, Сауда желілері одағы заңнама талаптарына сәйкес сауда үстемесі мөлшерін сақтайды және осы санаттағы жұмыртқаларды сатудан сыйақы талап етпейді.

«Ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті өндірушілерді қорғау мақсатында жұмыртқа импортына шектеу енгізу мәселесін қарастырып, Сауда және интеграция министрлігі заңсыз импорттық жұмыртқалардың нарыққа шықпауын, оларды айналымнан алу жөнінде бақылау шараларын қабылдайды», - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары