Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық
Қарағанды облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 34 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 34 адамнан COVID-19 вирусы анықталды. Тіркелген жағдайлар скрининг барысында және жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды», - делінген хабарламада.
Атап айтсақ, Қарағанды қаласында 13 адам, Теміртау қаласында – 15, Саран қаласында – 1, Бұқар жырау ауданында – 1 және Абай ауданында – 4 адам анықталды.
Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр.
Ошақтарда дезинфекциялық шаралар жүргізілді.
28 мамырдағы ахуал бойынша облыста вирусты жұқтырған 788 адам анықталды, оның ішінде 3 адам қайтыс болып, 217 науқас жазылып шықты.