Оралдың үш полицейі қонақ үйдің терезесінен секірмек болған мас қызды құтқарып алды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Тұрарбек Какимоллаев, Ержан Қонысбаев және Замир Ержігітовтер полиция патрулінде жұмыс істейді

Фото: скриншот

Оралдағы қонақ үйлердің бірінде ішімдікке масайған қыз терезеден секіре жаздаған. Абырой болғанда, оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оны құтқарып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияға қоңырау түскен соң патрульде жүрген Тұрарбек Какимоллаев, Ержан Қонысбаев пен Замир Ержігітовтер оқиға орнына тез жеткен.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары терезе жақтауына шығып алып, секіруге оқталған қызды көрген. Полиция қызметкерлері бойжеткенді құтқарып, туыстарына тапсырған. Сараптама оның мас болғанын көрсеткен», - деп хабарлайды БҚО полициясы.