Ұлытаудағы апатқа байланысты Қанат Бозымбаев шұғыл түрде оқиға орнына аттанады

Автор: Бақыт Шынар

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: Ақорда

Премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданындағы шахта апатының себебін анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

«Апаттың себебін анықтап, зардап шеккендерге көмек көрсету үшін арнайы комиссия құрылды. Комиссияны премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарды. Вице-премьер мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіру үшін оқиға орнына шұғыл барады», - деп хабарлайды үкімет. 

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпан күні кешке жақын Қазақмыс корпорациясына қарайтын шахта опырылып, жеті жұмысшы үйінді астында қалған. Өкінішке қарай, олардың бәрі мерт болды.