$ 502.47  525.83  5.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанның шекарасында қолға түсті

Тимур Сәдуақасовты алаяқтық үшін Қаржы мониторинг агенттігі іздеген

Ақтау әкімінің экс-орынбасары Өзбекстанның шекарасында қолға түсті
Фото qamqor.gov.kz

Мемлекетаралық іздеуде жүрген Тимур Сәдуақасов қазақ-өзбек шекарасын заңсыз кесіп бара жатқан жерінен қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлағандай, Садвақасов Тимур Сәдуақасов мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту кезінде Өзбекстан Республикасының шекара қызметі тарапынан ұсталған.

«Оған қатысты Өзбекстан Республикасына заңсыз кіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бар мәліметке сәйкес, ол тергеу изоляторына қамалды. Қазір оны Өзбекстан Республикасынан экстрадициялау мәселесі бойынша Бас прокуратурамен бірлесіп тиісті материалдар дайындалып жатыр», - деп хабарлайды ҚМА.

Еске сала кетейік, Тимур Сәдуақасовқа қатысты алаяқтық және аса ірі көлемде пара беруге итермелеу бойынша айып тағылған.

Серіктес жаңалықтары