Бірнеше күннен кейін Түркияға жол жүрмек болған анасы қазір Астанада ауруханада жатыр
Танымал тележүргізуші Динара Сәтжанның анасы Ақмарал Сәтжан ауруханаға түскен. Оған ота жасалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Біздің Біздің жанұямыздың шырағы – анашым. Мен көз тиию дегенге сенбеймін, бірақ ананың қуатты күші бар екеніне кәміл сенемін. Әулеттегі әйелдер отбасының қорғаны екені сөзсіз. Өкінішке қарай, кеше анам тайып құлап, шынтағын сындырып алды. 24-ші ақпанда біз Ыстамбулға медициналық тексеріске баруымыз керек еді, бірақ Алланың қалауы басқаша болды», - деп жазды ол.