Компанияның дерегіне сүйенсек, былтыр 1,35 млн теңгенің мүлкі ұрланған
«ҚазАвтоЖол» компаниясы республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орналасқан құрылғыларды ұрлау фактілері жиіліп кеткенін айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Компанияның мәліметіне сүйенсек, жол бойынан көбіне жарық бағандары, күн батареялары, қаңылтыр, жол белгілері, қоқыс контейнерлері ұрланады екен.
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы аталмыш фактілер бойынша құқық қорғау органдарына өте көп өтініш жолдады», - деп хабарлайды
«ҚазАвтоЖол» қызметкері Қарағанды маңынан осымен бірнеше рет жарық құралдары ұрланғанын айтып, бұл жол қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіретінін атап өтті.