Қалалық денсаулық сақтау басқармасы тың мәлімет берді
Бірнеше күн бұрын Астанадағы тұрғын үйлердің бірінде денсаулығында ақауы бар жасөспірім бала кішкентай ұлдың бетін пышақпен тіліп жіберген еді. Бүгін денсаулық сақтау басқармасының өкілдері бала қандай ем қабылдап жатқанын айтып берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Жағдайы тұрақты, орташа деңгейде ауыр. Бірақ, бала белсенді. Керек ем-домның бәрін алып жатыр», - деп хабарлайды ДСБ баспасөз қызметі.
Айта кетейік, 11 ақпан күні болған бұл оқиға елді дүр сілкіндірген еді.