Қанды оқиға Ақмола облысының курортты аймағында болған
Ақмола облысы Щучинск қаласында ер адам азаматтық некеде болған бұрынғы әйелін ұрыс кезінде пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жергілікті полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың 11 ақпанында үйдегі жанжал кезінде еркек әйелдің бірнеше жерінен пышақ сұғып алған. Марқұм оқиға орнында тіл тартпай өлген.
«Қазір Қылмыстық кодекстің 99 бабы, 1 тармағы, яғни, адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсиалып, изоляторға қамалды», - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.