$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.05.2020, 16:18
Оқиғалар

Ақтөбе облысында интернет алаяғы «Каспий банк» картасынан 232 мың теңге сыпырып алған

 Полиция департаменті азаматтардан мұқият болуды сұрайды

Ақтөбе облысында интернет алаяғы «Каспий банк» картасынан 232 мың теңге сыпырып алған

21 мамырда белгісіз тұлға интернет ресурстарын пайдалану арқылы 45 жастағы әйелдің «Каспий банк» банктік картасының деректемелерін иеленіп, ұялы банкинг арқылы 232 800 теңге сомадағы ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық Ішкі Істер Департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек №2 қалалық полиция бөліміне Мұғалжар ауданының тұрғыны, мектеп мұғалімі арызданған. Оның айтуынша, белгісіз адам «Kolesa.kz» сайтында «HuangHE» машина кабинасын сату және жеткізу сылтауымен 200 000 тенге көлемінде ақшаны иемденген.

«Жәбірленуші ақшаны «Каспий Голд» төлем терминалы арқылы аударған. Шығын 200 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтардан мұқият болуды сұрайды. Ең алдымен, сатып алушы ұсынылған өнімнің тым төмен бағасын, сондай-ақ сатушының нақты мекенжайының болмауын есепке алу қажет. Бұл жағдайда дүкен туралы анықтама алып, оған қоңырау шалып, сізге қажет  тауарды анықтаңыз. Анық емес жауаптар немесе дұрыс емес ақпарат сатып алудан бас тарту үшін себеп болуы керек. Егер күмән келтірсеңіз, тауарды алғаннан кейін ғана ақшасын төлеңіз.

Карточкалық алаяқтықтың тағы бір түрі пластикалық карта туралы деректерді пайдаланушының өзінен алған кезде фишинг деп аталады. Алаяқтар пайдаланушыларға электрондық хаттарды таратады, онда банк атынан оның қауіпсіздігі жүйесінде жасалатын өзгерістер туралы хабарлайды.

«Бұл ретте, аферистер сенімді пайдаланушылардан карта туралы ақпаратты жаңартуды, оның ішінде кредиттің нөмірі мен оның ПИН-кодын көрсетуді не жауап хатын жіберіп, не эмитент банкінің сайтына өтіп және тиісті сауалнаманы толтырып, беруді сұрайды. Алайда хатқа бекітілген сілтеме банктің ресурсына емес, осы жұмыстың имитацияланатын жалған сайтқа әкеледі», - деп хабаралайды ІІД.

Серіктес жаңалықтары