Бұл сұраққа Қылмыстық атқару жүйесі комитеті жауап берді
Елімізде жазасын өтеп жатқан шетелдіктердің саны - 1104 адам. Бұл туралы Azattyq Rýhy сауалына жауап берген Қылмыстық атқару жүйесі комитеті хабарлады.
Сотталғандардың бір күндік шығыны шамамен – 2900 теңге.
«Сотталғандарды ұстауға кететін шығындарға қатысты: бір сотталғанға, күдіктіге және айыпталушыға бір күндік тікелей шығындар орташа есеппен 2 900 теңгені құрайды. Бұл сомаға тамақтану, заттай мүлік, төсек-жабдықтары, гигиеналық құралдар, коммуналдық қызметтер, сотталғандарды этаптау, сондай-ақ босатылатын сотталғандардың жол ақысы кіреді», - делінген жауапта.