$ 511.18  530.6  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбенің үш ауылын топан су астында қалдырған 75 жастағы қария сотталып кетті

Былтыр көктемде ол су тасқынына қарсы шараларды қабылдамаған

Ақтөбенің үш ауылын топан су астында қалдырған 75 жастағы қария сотталып кетті
Фото: gov.kz

Былтыр, 2024 жылдың 4 сәуірі күні Ақтөбе облысы Хромтау ауданындағы «Мағаджан» плотинасы ішіндегі топан суға шыдамай, жарылып кеткен еді. Соның салдарынан Табантал, Қызылту және Бесқоспа ауылдарын су басқан. Бұған кінәлі компанияның 75 жастағы директоры шартты түрде 2,6 жыл мерзімге сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақтөбе облысының прокуратурасы хабарлағандай, іс материалдарына сәйкес, плотинаға жауапты басқарушы компанияның директоры пайдакүнемдік мақсатта суды ағызу үшін тиісті шаралар қабылдамаған. Осы үш ауылдағы халықтың үйін су басып, жеке мүліктері сынған, ауылдың жолдары бұзылған.

«Хромтау аудандық соты оны ҚК-нің 254-бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға су шаруашылығы саласында жұмыс істеуге тыйым салды және н 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеді», - деп хабарлайды прокуратура.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары