Бүгін ел бойынша дабыл соқты
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынының алдын алу үшін «Көктем-2025» атты республикалық штабтың жаттығуын бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің мәліметіне сүйенсек, оқу-жаттығу штабы оңтүстік пен батыс өңірлерден басталған.
«Бүгін еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі басталды», - деп хабарлайды министрлік.
Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасқан.