Жыл басынан бері облыста 7 бала терезеден құлап кеткен
Қайғылы оқиға 26 мамырда кешкі сағат 21:10-да тіркелген. Көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы терезеден 4 жасар сәби ойнап отырып құлап кеткен, деп хабарлайды Қарағанды облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Сәби жедел ауруханаға жеткізілгенімен, ауыр жарақаттары салдарынан жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, жыл басынан бері облыста 7 бала терезеден құлап кеткен. Атап айтқанда, оқыс оқиғалар Қарағанды, Балқаш, Теміртау, Жезқазған және Шахтинск қалаларында тіркелген. Барлығында балалар ауыр жарақатпен аман қалған.