27.05.2020, 05:53
Оқиғалар
Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адам көз жұмды
Төрт адам ауыр жарақат алды
Фото: ашық дереккөзден
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі адам көз жұмып, төрт адам ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Орал-Ақсай жолы бойында «Фольксваген Пассат» пен Оралға бара жатқан жеңіл жәрдем көлігі соқтығысты. Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жедел жәрдем келгенге дейін қаза тапты. Ал Оралға емделуге бара жатқан әйел алған жарақаттары салдарынан жедел жәрдем көлігі ішінде көз жұмды», - деп жазылды хабарламада.
Төрт адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 16:51
Эксклюзив: топан судың астында қалған Ыстамбұлдағы қазақ студенті соңғы жағдайды баяндап берді
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды