Ақтөбеде кондуктор автобустан құлап, көз жұмды
Автобус салонында 20-25 жолаушы болған

Ақтөбе облыстық полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Кондуктор ашық тұрған есіктен құлап, көз жұмған. «Паз» маркалы №11 бағыттағы автобус қаладағы «Әкімдік» аялдамасынан қозғалар кезде есігіп жаппай, жүріп кеткен. Сол кезде кондуктор құлап түсіп, бас-ми жарақатын алған. 24 мамыр күні кондуктор жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы Полиция департаментінің анықтау басқармасына, №403 кабинетке жолығуыңыз сұраймыз», - деп жазылған хабарламада.
Көз жұмған әйелдің артында кәмелетке толмаған 3 баласы қалды.