Қарағандыда терек мамығынан шыққан өрт жақын жердегі көлікті шарпыды
Қарағанды облысында бір тәулікте 6 автокөлік жанып кетті

Өткен тәуліке Қарағанды облысында алты көлік өртенді, деп хабарлайды Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.
«Бірінші өрт сағат 11:33-те Ермеков көшесіндегі №83 тұрғын үйге жақын жерде тіркелді. «Фольксфаген» автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде, онда ашық аумақта 35 шаршы метр алаңдағы қоқыс жанып, өрт жақын тұрған автокөлікті шарпыған. Салдарынан көліктің алдыңғы бампері мен бұрылыс көрсетікішінің 0,5 шаршы метрі балқыған. Кейін өрттің шығу себебі - жақын маңда жанып жатқан қоқыс, терек мамығы мен жапырақтарынан болғандығы анықталды», - делінген хабрламада.
Өрттің бірі Ермеков көшесінде болған. «Митсубиси» автокөлігінің қозғалтқышы тоқтың қысқа тұйықталуынан жанған. Басқа автокөлік – «Ауди» - Бадин көшесіндегі қозғалыс кезінде жанып кетті. Сағат 13:43-те «Камаз» жүк көлігі жолда жанған. Қозғалтқыш бөлігінің 4 шаршы метрін, алдыңғы 2 автокөтергіштерді жалын шарпыған.
Жыл басынан бері облыста 91 автокөлік өрті тіркелді.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, автокөліктегі өрттің жиі кездесетін себептері - қысқа тұйықталу, жолаушылар салонында темекі шегу, отын жүйесінің дұрыс істемеуі, мұздатылған қозғалтқышты жылыту үшін ашық отты пайдалану, электр және газбен дәнекерлеу кезінде абайсыздық.