$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық блогер пранк жасаймын деп сотталып кетті

Айналасындағыларды ойыншық тапаншамен қорқытқан ер адамға үкім шықты 

Қазақстандық блогер пранк жасаймын деп сотталып кетті
Фото: скриншот

Елордада лифтіде ойыншық тапаншамен адамдарды қорқытып, пранк жасаған ер адам 15 күнге сотталып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Г-ға қатысты істі қарады. 29 қаңтарда Г есімді адам тұрғын үйдің лифтісінде өзінің танысымен төбелесіп, тапаншамен қорқытып, пранк жасаған. Осылайша лифтіде бірге тұрған өзге адамдардың реакциясын видеоға түсіріп, желіге жүктеген.

«Осылайша айналасындағыларға құрметсіздік білдіретін, қоғамдық тәртіп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасады. Сот отырысында Г. өзінің іс-әрекетімен бұзушылық жасағанымен келіспей, кінәсін мойындамады, ол оны ойын-сауық мазмұнына арналған бейнеролик ретінде түсіргенін түсіндірді», - делінген соттың хабарламасында.

Сот қаулысымен Г. ӘҚБтК 434-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#ер адам #пранк