Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның 25 мамырдан бастап ҚР азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтататынын хабарлады.
«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 31-бабына енгізілген өзгерістерге байланысты 2020 жылдың 25 мамырынан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатады», - делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктеріне жүгінуге болады.