Жалпы ел бойынша 1408 адам жұмыс орнында жараланған
2024 жылы қазақстанда 202 адам жұмыс орнында қаза тапса, жалпы 1408 адам жараланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, жұмысшылардың көбі кен мен құрылыс салаларындағы кәсіпорындарда жараланады екен.
«Былтыр Қарағанды облысында – 159 адам, ШҚО-да – 124 адам, Павлодар облысында – 112 адам, Абай облысында – 101 адам, Қостанай облысында – 91 адам, зардап шеккен. Сондай-ақ, Алматы қаласында 116 адам жұмыста жараланған», - деп жазады министрлік.