Петропавлда жеңіл көлік көшедегі шұңқырға түсіп кетті
Әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жіберілді
Петропавлда жеңіл көлік көшедегі шұңқырға түсіп кетті. Оқыс оқиға қала орталығында орналасқан мейрамханалардың бірінің жанында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жұмабаев пен Ульянов көшелерінің қиылысында құбыр жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, аталған жол учаскесімен жүруге тыйым салынып, уақытша белгілер қойылған болатын.
«24 қаңтар күні Петропавл қаласындағы «Subaru» автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде ешкім зардап шекпеді. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып жатыр, кейін процестік шешім қабылдау үшін Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жіберіледі», - делінген облыстық Полиция басқармасының баспасөз қызметі жолдаған жауапта.