27.01.2025, 11:29
Оқиғалар
Астанадан бір түнде 3700-ге жуық камаз қар тазаланған
Ол камаздар шамамен 48 мың текше метр қарды қала сыртына төккен
Фото: Астана әкімдігі
Бүгін, 27 қаңтар күні түнде Астана әкімдігіне қарасты коммуналды кәсіпорындар қаладан 3688 камаз қар төккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бұл көліктер шамамен 48 мың текше метрді қарды қала сыртындағы полигонға апарған. Дереккөзге сүйенсек, бір қыста әкімдік шамамен 4 млн текше метр қарды қала сыртына төгеді екен.
Жалпы, 27 қаңтар күні таңертең қаладағы қарды тазалау үшін 2300-ден астам жұмысшы мен 1700-ден астам арнайы техника жұмысқа шыққан.
Көп оқылған
12.07.2026, 15:48
Ақтаудағы қалың тұман салдарынан ұшақтар Атырау әуежайына қонды
12.07.2026, 06:26
2026 жылғы әлем чемпионатына қатысқан футболшы өлі күйінде табылды
12.07.2026, 07:29
12 шілдеге арналған ауа райы болжамы