24.01.2025, 16:50
Оқиғалар
Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген Дамир Досов 13 жылға сотталды
Ол марқұмның анасына 20 млн теңге моральдық шығын өтейді
Фото: istockphoto.com
Маңғыстау облысында сарбаз Марат Барқұловты өлтірді деп айыпталған әскери қызметші Дамир Досовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жарыссөзде прокурор Қылмыстық кодекстің 99- бабының 1-тармағына (кісі өлтіру) сәйкес, Дамир Досовты 13 жылға соттауды сұраған еді. Судья іс бойынша шешім шығарды.
«Дамир Досов Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылсын. Ол 13 жылға сотталсын. Сондай-ақ «лейтенант» шенінен айырылсын. Досовтан моральдық шығын ретінде 20 млн теңге өндірілсін»,- деді судья Тамара Королевская.
Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Судья сараптамалардың бәрі қаралып, куәгерлердің жауабы бойынша осындай шешім қабылданғанын айтты.
Көп оқылған
17.05.2026, 07:29
Синоптиктер 17 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады
17.05.2026, 08:31
Қазақстан Иранға гуманитарлық көмек жіберді
17.05.2026, 06:38
Қазақстанда соңғы жылдардағы ең ерекше «Музей түні» өтеді
17.05.2026, 11:10
Алматы тауларында жағдайы күрт нашарлаған жасөспірім құтқарылды
17.05.2026, 10:33
Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шығып, 35 адам эвакуацияланды