Айжұлдыз Адайбекова блогер Сәкен Қағаровпен некесін қидырды

Автор: Темірхан Айжан

Қос ғашық әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығын жария етті

Фото: скриншот

Белгілі әнші Жанар Айжанованың қызы, актриса Айжұлдыз Адайбекова блогер Сәкен Қағаровпен некесін қидырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қос ғашық әлеуметтік желіде сүйінші жаңалығын жария еткен.

«Әрекет пен дұға түбі береке. Ерлі зайыпты», - деп жазылған Instagram постында.

Видеода жас-жұбайлар мешітке барып, имамның алдында некелесіп отыр.

«Қос қозым бақыттарың баянды болсын. Алла тіл көзден сақтасын. Бір жастықта қартайып, үбірлі-шүбірлі болыңдар»,- деп тілек арнады Айжұлдыздың анасы.

Айта кетсек, актриса Айжұлдыз Адайбекова екінші рет тұрмысқа шығып жатыр. Оның алғашқы некесінен кішкентай ұлы бар.

Тегтер: