Бұл туралы бүгін брифинге вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлім етті
Бүгін үкіметте энергетикалық инфрақұрылым мәселелері жөнінде брифинг өткізген вице-премьер Қанат Бозымбаевқа журналистер Ақтау маңындағы ұшақ апатына қатысты сұрақ қойды. Айта кетейік, Бозымбаев осы ұшақ апатын зерттеу жөніндегі комиссияны басқарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Ұшақ апатын тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, құрамында 17-18 адам бар комиссия жұмыс істеп датыр. Олар Ресей, Әзербайжан, Бразилия және ИКАО өкілдері. Қазір комиссия Бразилиядан келген қара жәшіктерді зерттеуге бар күшін жұмсап жатыр. Қара жәшіктегі материалдардың бәрі оқылып, анықталады. Бірақ, ең алдымен қаза тапқан ұшқыштардың туыстары олардың дауыстарын тануы керек. Бұл үлкен халықаралық жұмыс. Келесі апта Көлік министрлігі ұшақтың қара жәшігіндегі мәліметтерді келесі аптада жариялайды деп ойлаймын», - деді Бозымбаев.