$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да өртте қайтыс болған отбасының жерлеу рәсімін әкімдік өткізеді

Өрттің күшті болғаны соншалық  5 адамның мәйітін тауып алуға жарты тәуліктен артық уақыт кетті

СҚО-да өртте қайтыс болған отбасының жерлеу рәсімін әкімдік өткізеді
Фото: ҚР ТЖМ

Солтүстік Қазақстан облысында үй өртеніп, жалғызбасты әке 4 баласымен бірге жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Үйдің тұңғышы 18-де болса, кішісі 7 жастан асқан. Қайғылы оқиға Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында тіркелді. Өрт кезінде үйдегі газ баллоны жарылған. Қызыл жалынның шығу себебі анықталуда. Өрттің күшті болғаны соншалық  5 адамның мәйітін тауып алуға жарты тәуліктен артық уақыт кетті. Қазір олардың жеке тұлғасы анықталуда.  Балалардың анасы 2017 жылы дүние салған. Бір үйден облыс орталығындағы колледжде оқып жүрген 16 жастағы жасөспрім ғана аман қалды. Оған психологиялық көмек көрсетілуде.

 «Жерлеу рәсімін облыс әкімдігі барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жатақханасында тегін орын беріледі. Оған қоса, материалдық көмек, оқудың ақшасын төлеу бойынша мәселе шешілетін болады», деді СҚО әкімінің баспасөз хатшысы Тимур Әбдірешов.  

 

Серіктес жаңалықтары