$ 522.42  543.89  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанадағы жекеменшік мектепте алты жастағы оқушы қыз бетін жаралап алған – оның ісі сотқа жетті

Оқиға оқу жылының басында болған

Астанадағы жекеменшік мектепте алты жастағы оқушы қыз бетін жаралап алған – оның ісі сотқа жетті
Фото: pixabay.com

2024 жылдың қыркүйегінде Астанадағы жекеменшік балабақшалардың бірінде алты жастағы оқушы қыз шкафтан құлап кетіп, бетін жаралап алған. Баланың ата-анасы қыздарын ауруханаға өздері апарып, оны ұзақ емдеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Балалары аман-есен жазылып шыққан соң ата-ана Астананың кәмелет жасына толмағандардың ісі жөніндегі сотқа арыз жазған. Сотта мектеп әкімшілігі бала ойнап жүріп шкафқа шығып, абайсызда құлағанын және бұл жерде мектеп әкімшілігінің кінәсі жоқ екенін алға тартқан.

Алайда, тараптарды тыңдаған сот мектеп әкімшілігі балалардың қауіпсіз білім алып, ойнауы үшін тиісті жағдай жасамаған деген шешімге келген.

Осылайша, сот мектепті баланың ауруханада жатқан уақытына төленген шығындарды, оның ем-домына кеткен шығындарды және бала мен ата-ананың моральды шығындарын өтеуге міндеттеген.

Серіктес жаңалықтары