«Наркокурьердің» көлігінен 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылған
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның оңтүстік облыстарынан Астанаға есірткі ірі көлемде есірткі жеткізіп отырған арнаның жолың кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Операция барысында «наркокурьер» ұсталып, оның көлігінен 45 кг гашиш пен 312 кг марихуана табылған.
«Бұдан басқа тінту кезінде тағы да 1,6 тонна марихуана, сондай-ақ 1 кг гашиш тәркіленді. Есірткі Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көтерме және бөлшек саудаға арналған екені белгілі», - деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.