23.01.2025, 11:30
Оқиғалар
Алматының көшелеріне есірткінің жарнамасын іліп кеткен ер адам 3 жылға сотталды
Тағы бір күдіктіге қатысты тергеу жүріп жатыр
Фото: istockphoto.com
Алматы қаласының прокуратурасы қоғамдық орындар мен көшелерге есірткінің жарнамасын іліп, сол арқылы пайдаға кенелген ер адамның 3 жылға сотталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәлірек айтсақ, ер адам көшелерге есірткі сататын интернет-дүкендердің жарнамасын іліп кеткен. Сот оны Қылмыстық кодекстің 299-1-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырған.
«Сондай-ақ, дәл осындай бап бойынша тағы бір адам ұсталды. Ал, оның жеке басын тінту кезінде 7,866 грамм болатын168 мефедрон табылған», - деп хабарлайды прокуратура.
Оған қатысты сот тергеуі жалғасып жатыр.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды