Ақтөбедегі қанды оқиға: қаскөйдің қолында кепілде болған әйел ауруханадан шықты
Ол әке-шешесінің қазасы туралы ауруханадан шыққан бетте естіген
Ақтөбеде қаскөйдің қолында кепілде болған әйел ауруханадан шықты. Оған ұзақ уақытқа дейін психологиялық ем керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бір апта бұрын Ақтөбеде 40 жастағы ер адам Мәскеу ауданында орналасқан үйге кіріп, таныс әйел мен оның егде ата-анасын кепілге алған. Ол үйге кіре сала, әйелден бастап, оның зейнеткер әке-шешесін аяусыз ұрып-соққан. Есік-терезені жауып, 74 жастағы қарт пен 67 жастағы әжейді пышақтап, жертөлеге қамап тастаған.
Полицейлер оларды босату үшін операция жүргізіп, күдікті ұсталды. Өкінішке қарай, кепілге алынған қарттар көз жұмды, ал әйел ауруханаға жатқызылған болатын.
Әйелге ата-анасының қазасы туралы ауруханадан шыққан кезде естіртті.