Алапат өрттен 31 адам жарақат алған
Түркияда Карталкая тау шаңғысы курортындағы Болу ауданында орналасқан қонақ үйлердің бірінде өрт болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өрттен 6 адам қаза тапты, олардың екеуі биіктіктен секірген, ал 31 адам жарақат алды.
Болу провинциясының губернаторы Абдулализ Айдын қаза тапқандар мен зардап шеккендердің Түркия азаматтары екенін хабарлады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00 шамасында жеті қабатты қонақ үйдің төбесінде пайда болып, ғимаратты түгелдей шарпыған.