Көкпар ойнаймын деп сотты болды: спортшылар 78 мың теңгеден айыппұл арқалады

Автор: Темірхан Айжан

Ойын уақытында көкпаршылар бір-бірін балағаттаған 

Фото: gov.kz

Көкпарда бір-бірін балағаттаған ойыншылар соттың алдынан бір-ақ шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жамбыл облысындағы Ертай ауылында қаңтар айында көкпар ойыны өткен. Ө және Б атты екі спортшы ойын кезінде шекісіп қалып, бір-бірін балағаттаған. Олардың ісі Жуалы аудандық сотында қаралды.

Б-ның түсіндіруінше, Ө-нің атының басы бетіне тиіп жарақат алған, кейін екеуінің арасында жанжал басталған.

Сот Ө және Б-ны ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп тапты. Енді олардың әрқайсысына 78 мың теңгеден аса айыппұл төлейді.  

Тегтер: