Түркістан азаматы бір салфетка үшін жүргізуші куәлігінен айырылды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Облыстың полициясы жолда тексеру жүргізген

Фото: скриншот

Түркістан облысында көлік жүргізушісі машинасының мемлекеттік нөмірін салфеткамен жасырып қойған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері Шымкент-Самара тас жолында күдіктінің көлігін байқап, тоқтатқан.

«Арыс ауданының тұрғыны көлігінің мемлекеттік нөмірін сулы майлықпен жасырып қойған. Жол полициясы «өрескел заң бұзған» жүргізушінің ісін сотқа жолдаған. Сот жүргізушіні бір жылға жүргізуші куәлігінен айырып, әкімшілік жаза тартты», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.