$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтаудағы апат: ұшақтың «қара жәшігіндегі» деректерді Қазақстанның мамандары зерттеп жатыр

Ол деректерді Қазақстанға Бразилияның мамандары ұсынған

Ақтаудағы апат: ұшақтың «қара жәшігіндегі» деректерді Қазақстанның мамандары зерттеп жатыр
Фото: ТЖМ

Қазақстан тарапы Бразилия ашып берген қара жәшіктегі мәліметтерді зерттеп жатыр. Бұл туралы Көлік министрлігінің авиациялық оқиғаны тергеу жөніндегі комиссиясынан мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ИКАО-ның 13-қосымшасының стандарттарына сәйкес барлық фактілер мен материалдарды егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін алдын-ала есеп жариялайды, онда анықталған нақты ақпарат пен тергеу барысы туралы ақпарат беріледі. Қазақстанға жеткен мәліметтерді мамандар зерттеп жатыр», - деп хабарлады көлік министрлігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін жазғанымыздай, Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшіктері Бразилия талдап, нәтижелерін Қазақстанға жіберген болатын.