$ 540.87  632.01  6.76
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қысқы Азия ойындарында қазақ спортшылары жеңе ме - министр өз болжамын ұсынды

Ойындарға Азияның 32 елінен 1 000-нан астам спортшы қатысып, 64 медаль жиынтығы сарапқа салынады

Қысқы Азия ойындарында қазақ спортшылары жеңе ме - министр өз болжамын ұсынды
Фото: istockphoto.com

Қытайда өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстаннан 138 спортшы қатысады. Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов елімізге жүлде сыйлайтын спорт түрлерін атады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Спортшыларымыз конькимен жүгіру, шаңғы жарыстары, шорт-тректен жақсы нәтиже береді деп үміттенеміз. Бұл болжам алдағы Азия ойындарына дейінгі жарыстардың нәтижесіне қарап жасалып отыр», - деді министр.

Айта кетейік, 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында 9-қысқы Азия ойындары өтеді. Қазақстан құрамасы 6 спорт түрінен, 10 дисциплина бойынша жарыстарға қатысады. Команданың құрамы 138 спортшыдан құралған (72 ер адам және 66 әйел). Олар 51 медаль жиынтығы үшін күреседі.

Қысқы Азия ойындарының бағдарламасына 6 спорт түрі кіреді: коньки спорты, биатлон, керлинг, шаңғы спорттары, шайбалы хоккей, ски-альпинизм.

Жалпы бағдарламада 11 спорттық дисциплина қамтылған: конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау, биатлон, керлинг, шаңғы жарыстары, тау шаңғысы, фристайл, сноуборд, ски-альпинизм, шайбалы хоккей.

Спортшыларды Азия ойындарына шығарып салу рәсімі 30 қаңтар күні Астана қаласындағы «Қазақстан» жеңіл атлетика спорт кешенінде өткізу жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары