Моральдық шығын ретінде 1 млн теңге өндірілген
Астанада ер адам араққа тойып алып, кәмелет жасқа толмаған ұл баланы пышақтап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елорда сотының хабаралауынша, С есімді адам өзіне ескерту жасаған Ә есімді ұл баланы үш рет пышақпен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген.
«Сотталушының өтелмеген соттылығын ескере отырып, ҚК 60-бабының негізінде түпкілікті 6 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстың қауіпті қайталануы бар деп танылды. Моральдық зиянның орнын толтыру ретінде 1 млн. теңге өндірілді», - делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.