$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.05.2020, 23:52
Оқиғалар

Елордада көлік үстіне жартылай жалаңаш шыққан жігіт жазаланды

Оған 10 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Елордада көлік үстіне жартылай жалаңаш шыққан жігіт жазаланды
Фото: polisia.kz

22 мамыр күні әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтан қаласында іш киіммен төбесіне ер адам шыққан Toyota автокөлігінің видеосы кең тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Видеода ер адам жүріп келе жатқан көліктің төбесінде отырады, содан кейін үстіне шығып тұрады. Бірнеше уақыттан кейін көлікті патруль нарядты тоқтатады.

«Елордалық полицейлер 24 жастағы Toyota автокөлігінің жүргізушісі жолаушылар тасымалдау ережесін сақтамағанын анықтады. Оған қоса, уақытша жүргізуші куәлігінің мерзімі өткен және сақтандыру полисі болмаған. Көлік коммуналдық тұраққа қойылды. Жүргізуші әкімшілік кодекстің бес бабы бойынша жалпы сомасы 125 010 теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды», - деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Көлік шатырында жүргізушінің 24 жастағы досы болған. Оған ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша жалпы сомасы 9 723 теңге айыппұл салынды.

Серіктес жаңалықтары