09.01.2025, 12:10
Оқиғалар
Президент ретіндегі соңғы сапарынан бас тартты – Байден Голливудтағы өртке байланысты елде қалды
Қазірге дейін 137 мың адам эвакуацияланды
Фото: Elizabeth Frantz / Reuetrs
АҚШ президенті Джо Байден Лос-Анджелестегі орман өртіне байланысты Италияға сапарынан бас тарты. Бұл оның мемлекет басшысы ретіндегі соңғы сапары еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ВВС-ге сілтеме жасап.
Байден Лос-Анджелеске келіп, полиция және өрт сөндірушілермен кездескен.
«АҚШ үкіметі қолдан келгенінің бәрін істейді. Бірақ бұл оңай болмайды», - деді ол. Байден зардап шеккен аудандарға федералды көмек көрсетуді тапсырған.
Ауа - райын болжау қызметі «AccuWeather» мәліметінше, Калифорнияға орман өртінен шамамен $52- $57 млрд шығын келді. Алдағы уақытта бұл өсе түсуі мүмкін. Қазіргі күні өрттен 5 адам қаза тапты, 137 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді, АҚШ-тағы ең қымбат деген ғимараттар өртеніп кетті.
Көп оқылған
29.09.2026, 13:55
Бес жасар қыз баланы балабақша қызметкері бірнеше рет зорлаған: іске президенттің қызы араласты (ВИДЕО)
29.09.2026, 14:25
«16 жеріне пышақ сұққан»: Астанада әйел адамның өлімінен кейін 4 экс-полицей ұсталды (ВИДЕО)
29.09.2026, 09:32
«Қалай болғанда да жетемін»: Қостанай облысында екі көлік бетпе-бет соғылып, бір адам көз жұмды
29.09.2026, 17:39
«Мен де аза тұтуым керек пе?»: блогер Ирина Антоненко қаралы күні эфирде билеп, былапыт сөздер айтты (ВИДЕО)
29.09.2026, 13:35
Астанада жүкті әйелдің егіз сәбиі шетінеп кетті