07.01.2025, 01:31
Оқиғалар
Ақтөбе облысында жеті ауыл әлі жарықсыз отыр
Тұрғындар жаңа жылды электр қуатынсыз қарсы алды
Фото: istockphoto.com
Энергетиктер апат салдарын жою үшін жұмыс істеп жатыр. Кейбір елді мекендерге уақытша генераторлар орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мұғалжар ауданында электр желілеріне мұз қатып, үзіліп қалған. Ащысай мен Сабындыкөл және Құмсай мен Ақсу ауылдарының ортасындағы 76 баған құлаған.
«Қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті. Ақсуға 17 бағана жеткізіліп, толықтай жұмыстарды жақын аралықта бітіруге тырысып жатырмыз. Ал Сабындыкөлге электр генераторын апарып, жарықпен уақытша қамтамасыз етеміз», – деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.
Көп оқылған
03.10.2026, 06:18
Жамбыл облысында жүк пойызы 70 қойды қағып кетті
03.10.2026, 16:30
4 қазан күні ауа райы қандай болады
03.10.2026, 12:31
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті бес жылдан кейін Қазақстанға қайтарылды
03.10.2026, 18:30
Шымкентте дрифт жасаған жүргізуші 10 тәулікке қамалды
03.10.2026, 08:23
Қазақстан Азия ойындарының кезекті жарыс күнінде 13 медаль жеңіп алды