Боран кезінде тас жолға шыға алмаған халық жаппай пойызға мінген

Автор: Бақыт Шынар

Демалыс күндері 700-ден астам адам үйіне пойызбен оралған

Фото: Жолаушылар тасымалы

Демалыс күндері ауа райы мінез танытқан солтүстік және орталық өңірлерде 700-ден астам адам көліктерін тастап, пойызға мінген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, Сарыбель, Макинка, Елтай, Ақкөл, Екібастұз, Ерейментау және Бурабай станцияларында бас-аяғы 700-ден астам адам пойызға мінген.

«Компания жолда қалған адамдарды пойызбен әлі де тасып жатыр», - деп хабарлайды компания.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қаңтар күні Астана-Петропавл тас жолында 100-ге жуық көлік соқтығысқан. Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілер Астана-Бурабай арасында 7 сағат жол жүрген.