22.05.2020, 17:19
Оқиғалар
Пәкістанда жолаушылар ұшағы құлады
Әуе бортында 100-ге жуық жолаушы болған
фото: ria.ru
Dispatch News Desk (DND) басылымының хабарлауынша, Карачи қаласы жақын жерде Pakistan International Airlines компаниясына тиесілі Airbus 320 жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған. Әуе кемесі әуежай маңындағы тұрғын үйлердің үстіне құлап, бірнеше үйді зақымдаған.
Пәкістанның Лахор қаласынан Синд провинциясының орталығы Карачиге қарай бағыт алған ұшақта 99 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі болған. Ұшақ Джинна халықаралық әуежайына жетпей апатқа ұшыраған. Болжам бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.
Көп оқылған
10.07.2026, 14:17
Оралда полиция қызметкерлері өрт болған үйге дереу жетіп, 15 адамды құтқарып қалды (ВИДЕО)
10.07.2026, 15:51
Аршалыда шизофрениямен ауыратын ер адам анасын, жиенін, тағы екі туысын асқан жауыздықпен өлтірді
10.07.2026, 21:31
Тәулігіне 100 мың: Қазақстандық Бурабайдағы демалыс аймағының қызмет көрсету сапасына шағымданды
10.07.2026, 15:21
«КыздарНет» ісі: сутенерлік желіні ұйымдастырғандар 10 жылға сотталды